- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттің бюджеті 25 пайызға ұлғайды
Шымкенттің бюджеті 25 пайызға ұлғайды
Күн тәртібінде «2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі және қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жастарды үйлестіру кеңесінің дербес құрамы және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселесі де қаралды.
Алдымен қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бюджетке енгізіліп жатқан өзгерістерді баяндады. Нақтылау жобаларының бәрі де тұрақты комиссияларда талқыланған.
Гүлжан Мамытқызының айтуынша, 2016 жылғы Шымкент қаласының бюджеті 25 пайызға ұлғайып отыр. Яғни, қала бюджеті 103 млрд 900 млн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 29 млрд 602 млн, облыстық бюджеттен 24 млрд 938 млн теңге қаралған. Ал қала бюджетінің кірістері 49 млрд 359 488 теңгеге жетті.
2016 жылға республикалық бюджет және ҚР ұлттық қор трансферттерден 11 млрд 288 735 мың теңге түзету есебінен енгізілген болатын. Оның ішінде ағымдағы трансферттен 2 млрд 85 307 мың теңге, даму трансферттерінен 9 млрд 203 млн 428 мың теңге қаралып отыр. Атап айтқанда, «Тұран» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық жұмыстары мен тұрғын-үй құрылыстарына бағытталмақ.
Ұсынылған жобаларды депутаттар бірауыздан қолдады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та бюджеттің 25 пайызға ұлғайғаны маңызды шешім екенін атап өтті.
-
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі -
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі