• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді – ҚР АШМ

Мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді – ҚР АШМ

4 Мамыр, 2016 15:34
Қазіргі күні мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді, деп «Республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы ҚР АШМ басшысы Ерболат Базильжанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

«Қазіргі күні мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді және жүйелік жұмыс жасалуда. Осыған орай агрохимиялық зерттеу көлемі 1,5 млн га-дан 3,5 млн га-ға өсті және ол циклдық зерттеулерді қамтамасыз етеді»,-деді Е.Базильжанов.

Өз сөзінде қойылған тапсырмаларды шешу үшін агрохимиялық қызметтің материалды-техникалық базасы күшейтілді деді ол.

«Егістік көкжиегіндегі жалпы гумус көрсеткіштерінің мазмұны, гидролиздеу азотының орташа мазмұны,  жылжымалы фосфор мен ауыспалы калий агрохимиялық топырақты зерттеу нәтижелерінде тәлім шаруашылықта 7 жылда бір рет және жер суландыруда 5 жылда 1 рет өткізілетін цикл бойынша анықталады»,-деді ол.

Сонымен қатар Е. Базильжанов 2014 жылғы 29 желтоқсандағы ҚР Заңымен Жер кодексіне өзгерістер енгізілгендігін ескере өтті. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмдi пайдалану үшін жауапкершілік күшейтілді, тіпті жерді алып қоюға дейін барды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар