- Басты
- Жаңалықтар
- «Ақтөбе» ӘКК 2016 жылдың соңына дейін кіріс түсіретін болады
«Ақтөбе» ӘКК 2016 жылдың соңына дейін кіріс түсіретін болады
Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының алдында оны табыс түсіретін әрі аймақтың тиімді экономикалық даму құралына айналдыру көзделіп отыр.
“Жоспарымызды жүзеге асыру үшін ӘКК-тің кешенді мәселелерін зерттеп, оларды шешу жолдарын қарастырдық. ӘКК толығымен өзгеріске ұшырады. Әрбір қызметкерінің нақты функциясы анықталды, штатты ұлғайтпай-ақ тәуекел менеджері қызметі енгізілді, құқықтық қызмет күшейтілді. Сонымен бірге ӘКК-ті сауықтыру үшін дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді. Нәтижесінде шығындар көлемі азайтылды”, - деп атап өтті Қайрат Бекенов.
Оның айтуынша, «дағдарысқа қарсы жоспар» аясында ӘКК-тің қаржы және құқықтық блогында аудит жүргізілді, нәтиждесінде қол жеткізілмеген шығын көлемі мен корпорация резервтері анықталды. ӘКК-ті сауықтыруға бағытталған осы және өзге де шаралар, Қайрат Бекеновтың айтуынша, ӘКК тарихында алғаш рет 2016 жылы дивиденд алуға мүмкіндік берді. Қайрат Бекеновтың пайымынша, оптимистік сценарийді сақтау мақсатында ӘКК 2016 жылы кіріс түсіре бастайды.
Сонымен бірге, ӘКК-тің жанынан аймаққа, соның ішінде Ақтөбе қаласындағы Индустриалды аумаққа инвестиция тарту жөнінде бөлек басқарма құрылды.
Индустриалды аумақты әлеуметтік маңызы бар жобалармен толтыру үшін инвесторларды тарту жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді. Таныстыру үшін материалдар жолданып, іскерлік кездесулер ұйымдастырылуда.
Осы жылдың басында Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті Түркияда роуд-шоу форматында таныстырылды. Нәтижесінде түрік инвесторлар Ақтөбе облысында малға арналған жем, тігін фабрикасы, сонымен бірге қызанақ өсіретін жылыжай салу жөнінде ниеттері барын жеткізді. Осыған ұқсас шаралар таяуда Қытайдың бірнеше қаласында ұйымдастырылды.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді