СҚО-да БЖК аясында өндіріс қуатын 18 есеге арттырады

4 Мамыр, 2016 19:02
«Бизнестің жол картасы-2020» аясында бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында петропалдық кәсіпорын өндіріс қуатын 18 есеге арттырды, деп хабарлады «Даму» АҚ.

Петропавлдағы «Элтранс» ЖШС компаниясы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы аясында антифриз шығару көлемін 18 есеге ұлғайтып, өнім өткізу аймақтарын кеңейтті. Енді «Элтранс» антифриздері Қазақстанның 17 қаласы мен Ресейдің жақын өңірлеріне де жеткізіледі.

«Элтранс» шығаратын G-Arti антифризі сапасының жақсылығынан автокөлік иелерінің көңілінен шығуда.

«Біздің компания тосол мен антифриз шығарумен 2002 жылдан бері айналысып келеді. АТФ Банк арқылы алған несиемізге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдаландық. Сөйтіп, өндіріс қуатын 18 есеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін автоматты құрал сатып алдық. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап АТФ банк несиесінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы да мемлекеттен көмек алып отырмыз. Несиенің жалпы құны 22 млн теңге. Кәсіпорында 3 адам жұмыс істейді»,-дейді «Элтранс» ЖШС жетекшісі Виталий Гусельников.

 

 

 

Барлық жаңалықтар