ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып Ерлан Хаиров тағайындалды

4 Мамыр, 2016 14:47
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып Ерлан Хаиров тағайындалды, деп хабарлайды ведомствода.

Е.Хаиров 1978 жылы 15 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1999 жылдан 2001 жылға дейін сыртқы экономикалық байланыстар саласында мемлекеттік органдарында жұмыс атқарды.

2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2006 жылы Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әкімшілік басшысының қызметін атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2007 жылдан 2010 жылға дейін сыртқы байланыстар бойынша «Қазақтелеком» АҚ атқарушы директоры.

2010 жылы - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі АҚ Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры.

2011 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы орынбасары қызметіне тағайындалды.

2013 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы.

2014 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы.

 

Барлық жаңалықтар