- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл өткен сайын әскери-патриоттық орталықтары көбеюде - Мемхатшы
Қазақстанда жыл өткен сайын әскери-патриоттық орталықтары көбеюде - Мемхатшы
Іс-шараға сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, еңбек ардагерлері, Қарулы Күштердің офицерлері қатысты.Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 1 желтоқсанда ашты. Ұлттық әскери-патриоттық орталығының құрылымын Әскери-тарихи мұражай, Орталық әскери оркестр және Орталық ансамбль құрайды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайының экспозицияларымен танысты.
Орталықты аралау барысында Мемлекеттік хатшы сондай-ақ ЖОО студенттерімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен, Астана қаласы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде еліміз – Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту және гүлдендіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында өскелең ұрпақты әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар Қорғаныс министрлігінің ардагерлер қауымдастығымен, өскелең ұрпақпен және жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі құзырлы мемлекеттік органмен тиімді қарым-қатынас орнықтыруды қамтамасыз ету аясында пікір алмасты.
Бүгінгі таңда елімізде өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін одан әрі нығайтуға бағытталған 62 936 адамнан астам жасты қамтитын 2 229 әскери-патриоттық клубтар, үйірмелер және секциялар бар.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдірудің басымдықтарын белгілеп, қатысушыларды алдағы Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді