• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламенті Сенаты 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

ҚР Парламенті Сенаты 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

21 Қараша, 2013 16:21
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

Нақтыланатын бюджеттің негізгі параметрлерін экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды.

Оның айтуынша, республикалық бюджетке түсімдер 2013 жылы 5,2 трлн астам теңгені құрайды, бұл нақытыланған бюджеттен 14,4 млрд-қа артық.

«Шығындар болжамы 65,6 млрд теңгеге төмендеумен 6 трлн астам теңге көлемінде бағалануда. Ұлттық қордың кепілді трансферт көлемі 1380 млрд теңге деңгейінде сақталады», - деп хабарлады министр.

Е. Досаев «әкімшілердің шығындарды арттыру бойынша барлық ұсыныстары қабылданған жоқ және алдында азайтылған шығындарды келесі жылы қалпына келтіру болжанбайды»,-деп атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар