- Басты
- Жаңалықтар
- Армия ойындарына қатысу үшін Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің үздік бөлімшелері белгілі болды (ФОТО)
Армия ойындарына қатысу үшін Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің үздік бөлімшелері белгілі болды (ФОТО)
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің ауқымында ӘШҚҚ әскерлерінің бөлімшелерінде сайыс аяқталды. Онда Ресей Федерациясының аумағында өткізілетін «Ашық аспан-2016» халықаралық армия ойындарына қатысу үшін ЗҚЗК, ЗУ-23-2 үздік есептоптары мен бөлімшелері анықталды.
Жарысқа 50-ге жуық адам қатысты. Командаларды «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері ұсынды. Сайыс 5 кезеңде өтті. 7,2 шақырымдық тұйықталған бағдар бойынша зениттік бөлімшелердің спринтерлік жарысы, машиналар жылдамдық учаскесінен, ирелеңнен, сегіздіктен, БТР нысаналары бойынша атыс учаскесінен, тікұшақ және т.б. өтті.
Тасымалданатын зениттік зымырандық кешендер бөлімшелерінің спринтерлік жарысы 13,2 шақырымдық бағдар бойынша өтті. Онда шартты тікұшақтың нысаналары, әуе нысаналарының имитаторлары бойынша атыс жүргізілді, ізінше атты және шеңберді, тосқауылдарды және т.б. өтті. Зениттік бөлімшелерді қудалау жарысы 8,9 шақырымға, ЗҚЗК бөлімшелерін қудалау жарысы 17,2 шақырымға созылды.
Зениттік бөлімшелер мен ЗҚЗК бөлімшелерінің құрамдастырылған эстафетасы шешуші кезең болды. Қорытындысы бойынша үздік бөлімшелер іріктелді. Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері бірінші, «Шығыс» ӨңҚ екінші, «Оңтүстік» ӨңҚ үшінші, «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері төртінші болды. Әрі қарай әскерлерде халықаралық кезеңге дайындық өтеді. Ресей Федерациясындағы сайысқа аттанатын жеңімпаздар мен қатысушылар ағымдағы жылдың маусымында анықталады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар