ШҚО шаруа қожалықтары биыл соя өнімділігін ұлғайтуды жоспарлап отыр

4 Мамыр, 2016 15:03
Биыл Зайсан ауданында соя егіп, 90 күнге созылатын вегетациялық кезеңде өнімділікті ұлғайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Аудан басшысы Алмас Оңдағановтың айтуынша, облыс әкімі Даниял Ахметов ауданға сапары кезінде 120 күндік сояның орнына 90 күндігін егуді тапсырған.

«Биыл біз алғаш рет вегетациялық кезеңі 90 күн болатын соя егеміз.  Егер, бұл іс жүріп кетсе, онда өнімділік ұлғаяды. Соя өсіру арқылы біз тек жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз. Соя тез өседі және жер сапасын төмендетпейді», деп атап өтті аудан әкімі.  

Зайсан ауданында 4 шаруа қожалығы соя өсірумен айналысады. «Жоңғар» шаруашылығы алғашқы жылы 100 гектар жерге ексе, кейіннен 300 гектарға жеткізді. Бүгінгі таңда бұл шаруашылық егістік алқабын 500 гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар