- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ мен «Қазавиақұтқару» Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде (ФОТО)
ҚР АШМ мен «Қазавиақұтқару» Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде (ФОТО)
Ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында киіктердің төлдеу орындарында «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» екі мемлекеттік табиғи резерваттарының инспекторларын қайта топтастыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, киіктерді қорғауды қамтамасыз етудің практикалық шараларымен қатар ұйымдастырушылық жұмыстары да жүргізілді. Орал популяциясын қорғау үшін Орал қаласында «Охотзопром» оралдық бөлімшесі ашылды. Бетпақдала популяциясын қорғауды қамтамасыз етуді Ақбөте және Астана қалаларындағы жергілікті Батыс және орталық филиалдар жүзеге асырады.
Сонымен қатар браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін «Охотзопром» базасында өтімділігі жоғары автомашинамен қамтамасыз етілген тәжірибелі инспекторлардан құралған 6 (алты) арнайы жұмылдыру топтары құрылды. Мәселен, 2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысты ұйымдарының инспекторлары рейдтік іс-шара жүргізу барысында браконьерлік және киік мүйіздерін саудалау бойынша шамамен 79 факті, ал 2015 жылы 107 әшкерелеп отыр.
Киіктерді қорғау шаралары қаншалықты ұтымды әрі оперативті жүргізілгенімен, ҚР АШМ өткен жылғы киіктердің жаппай қырылуының қайталанбасына қатты алаңдаушылық танытып отыр.
2016 жылы 4-5 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның кедендік, ғылыми, табиғат қорғау ұйымдарының, Ұлыбритания, Германия сарапшыларының қатысуымен Халықаралық жиын өтіп, нәтижесінде Бетпақдала популяциясы киіктерінің өткен жылғы жаппай қырылуының халықаралық және отандық мамандандырылған институттарда жүргізілген далалық және лабораториялық зерттеулерінің нәтижелері талқыланды.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ ғылыми ұйымдарының алдында пастереллездің қозуының нақты себептерін анықтау, сондай-ақ, болашақта киіктерге қатысты жұттың алдын ала шараларының жүргізілуі бойынша нақты тапсырма жүктеліп отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері