• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазақстанда құны 51 млн. теңге болатын сүт қабылдау бекеттерін ашу қаржыландырылды

Солтүстік Қазақстанда құны 51 млн. теңге болатын сүт қабылдау бекеттерін ашу қаржыландырылды

4 Мамыр, 2016 10:29
2014-ші жылдан бүгінге дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Солтүстік Қазақстандағы филиалы құны 51 млн. теңге болатын 10 сүт қабылдау бекеттерін қаржыландырды.

Компанияның хабарлауынша, несиелеу жалғасуда: жылдық пайызы 7 %, мерзімі 5 жыл болатын несие 14 миллион теңгеге дейін беріледі.

2015-ші жылы «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында «Сүт қабылдау бекеттерін құру мен дамыту» бағдарламасын несиелеу бойынша «Лера-Nord» ЖШС-ң директоры Валерий Самойленко қарыз алды. Бұл бизнес Тайынша ауданы, Тайынша қаласында жүзеге асырылып жатыр. Аталмыш ЖШС сүт өңдейді және май мен басқа да сүт айырмаларын өндірумен айналысады. Сүтті жергілікті тұрғындардан және қала маңайындағы жақын ауылдардан алады.

Олар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Солтүстік Қазақстандағы филиалынан алған қарызға  сүтті өңдейтін, суытатын, алдағы уақытта тетра пакеттермен дайындап, шығаруға ең қажетті қондырғыларды сатып алған.

Қондырғылар Рязань, Мәскеу және Екатеринбургтан алынған. Кәсіпорында 14 адам жұмыс істеп жатыр. Өнімді нарыққа шығару жағы жолға қойылған. Енді сүтті аудан орталығын сауда нүктелері мен Тайынша ауданының ауылдарынан алуды жоспарлап отыр. 

Барлық жаңалықтар