- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе мен Қызылорда облысы 3,3 млрд теңге болатын өнімді тікелей жеткізу жөнінде 30-дан астам келісім орнатты
Ақтөбе мен Қызылорда облысы 3,3 млрд теңге болатын өнімді тікелей жеткізу жөнінде 30-дан астам келісім орнатты
Оған қала және аудандардың әкімдері мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорын жетекшілері, облыстық мәслихат депутаттары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған делегация қатысты.
Делегация құрамына Қызылорда облысы әкімдігі басқармаларының басшылары, Қызылорда облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары және т.б. енген.
Дөңгелек үстел барысында облыстардың әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық және аймақаралық байланыстарды нығайту жөнінде меморандумға қол қойылды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақаралық кооперацияны дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы Ақтөбе облысында еліміздің оңтүстік және Қостанай облыстарымен көкөніс пен өзге де азық-түлік түрлерін тікелей жеткізу жөнінде жұмыстар жолға қойылды.
“Біз әзірлеген аймақаралық кооперация механизмі қазірдің өзінде оң нәтиже бере бастады. Мәселен, Қызылорда облысымен аймақаралық кооперация орнатқанға дейін күріштің келісі Ақтөбе облысында 220 теңге болатын, қазір – 150 теңге, бір келі балықтың орташа бағасы 500 теңге болып келсе, Қызылордадан жеткізілетін балық 300 теңгеден сатылуда, ас тұзы, т.б. тағамдар арзандай бастады. Осы бағытта жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Елбасы тапсырмасын біз бар күшімізді салып орындап келеміз”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Оның пайымынша, аймақаралық кооперацияны дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық ең алдымен тұрғындардың игілігі үшін жасалып отыр, импорт алмастыруды қамтамасыз етеді, аймақтардың экеономикалық дамуына жағдай жасайды.
Бүгін қол қойылған меморандумға сәйкес, Ақтөбе мен Қызылорда облыстары арасындағы аймақаралық кооперацияның негізгі тұжырымдамалары мен бағыттары көрсетілген.
Мәселен, алдағы екі жылдың ішінде көршілес екі облыс импорт алмастыру мен ақырғы тұтынушылар үшін өнімді арзандату бойынша жұмыстарды күшейтпек: бүгін құны 3,3 миллиард теңге болатын өнімді тікелей жеткізу жөнінде 30-дан астам келісімге қол қойылды.
Ақтөбелік өнеркәсіптік өнім өндірушілер көрші аймаққа өндірістік шар, қиыршық тас, қызыл күйдірілген кірпіш, тіркеме техника, өрт сөндіру шкафтары мен өрт сөндіргіштер, жылу оқшаулағыш құбырлар мен фитингтер, композитті әйнек талшықты тұрбалар, полимер-композитті құдықтар мен құдық қақпақтары, бағдаршам жабдықтарын жеткізу жөнінде міндеттемелер алды.
Ал қызылордалықтар 2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысына өндірушінің құнымен 11 мың тонна азық түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізбек болып келісті. Бұл ретте Қызылорда ауыл шаруашылығының өкілдері Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал сатып алуды көздейді.
Сонымен бірге Ақтөбе облысында медициналық кластерді қалыптастыру жөніндегі жоба бойынша екі облыстың денсаулық сақтау басқармалары алғаш болып Батыс аймақта ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр.
Өз кезегінде, көршілес екі облыстың білім басқармалары бірлесе отырып, ғылым, техникалық және кәсіби білім беру, студенттер мен оқытушылар айырбастау бойынша жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізді.
Меморандум Ақтөбе және Қызылорда облыстары арасында туризмді дамыту, дәстүрлі және жаңа туристік маршруттар ашудың тиімділігін арттыру, туризмнің түрлерін кеңейтуді де көздейді. Мәселен, ынтымақтастық аясында «Ақтөбе-Байқоңыр-Қызылорда» туристік бағыты ашылады, нәтижесінде Ақтөбе облысының саяхатшылары Қызылорда облысының тарихи орындары мен қорықтарын аралай алады, сонымен бірге «Байқоңыр» айлағында зымырандардың ұшуын қадағалау мүмкіндігіне ие бола алады. Өз кезегінде Қызылорда облысының саяхатшылары Ақтөбе облысындағы қызықты орындарды көре алады, Ақтолағай бор таулары мен «Қобыланды батыр», «Абат Байтақ» мемориалды кешендерін, Ырғыз-Торғай резерватын аралайды.
Сонымен бірге, меморандумға қол қойған тараптар мәдениет, өнер, дене тәрбиесі және спорт салаларында ынтымақтастық жөнінде де міндеттемелер алды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері