СҚО-да жыл соңына дейін 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі

4 Мамыр, 2016 09:56
Солтүстік Қазақстан облысында осы жылы 1011 пәтерлік 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен облыстың құрылыс алаңдарын аралады.

Бірінші нысан – «Метро» мәдени-ойын-сауық орталығы. Қазір нысанда қабырғаларды тегістеу жүруде. МОС директоры Ботагөз Ақмағамбетованың айтуынша, бұл жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталады.  Сондай-ақ, аймақты абаттаныдур бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінеді. Өткен жылы мекеменің шатыры, ішкі  нысандар мен спорт залдар, кабинеттер  жөнделді.

Аймақ басшысы сондай-ақ, 8 құрылыс алаңына барды, қазіргі таңда тұрғын үйлер белсенді қолданысқа енгізілуде. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту үшін мердігерлер жұмысына назар аударды.

«Ауа райы тұрақтанды. Әр күнін қолданыңдар. Материалдар сапалы болуы керек. Құрылысты уақытында тапсырған ләзім. Адамдар баспаналарын күтіп отыр», - деді ол.

Сонай-ақ, аймақ басшысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылына барды. Онда 300 орындық жаңа мектеп салынуда. Оны пайдалануға беру осы жылы жоспарланып отыр. Жұмысты «Севимсталькон» компаниясы жүргізуде.

Бүгінгі таңда іргетасты құю жұмысы аяқталуға жақын.

 

 

Барлық жаңалықтар