- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 2,1 млрд теңгенің магистральды жолы салынуда (ФОТО)
Қызылорда облысында 2,1 млрд теңгенің магистральды жолы салынуда (ФОТО)
Жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын бұл жолдың ені 9 метр. Мұнда автокөліктерге арналған 2 жолақты және жаяу жүргіншілер жолы мен велотрек болады. Жол бойында 6 аялдама салынады. Сонымен қатар, жағалау толықтай абаттандырылып, жарықтандырылады. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 122 млн. теңге.
«Жаңа жол қаладағы көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Өзен жағасында орналасқандықтан дарияның табанын тазалап, жағаны бекітеміз. Сондықтан бұл жол бөгеттің де қызметін атқарады. Аудандардан келген автокөліктер айналма жол арқылы қалаға кірмей әуежайға шығады. Яғни, қаладағы көлік кептелісі де азаяды. Ең бастысы бұл жол сол жағалаумен байланыстыратын жаңа көпірге апарады. Тұрғындар демалып, вело спортпен шұғылдануға да ыңғайлы», - дейді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл жолдан бөлек Ғ.Мұратбаев көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейін 1,5 шақырым жол салынады.
Сол жағалаумен байланыстыратын негізгі көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба құны 5 млрд. 975 млн. теңгені құрайды. Биыл республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге, ал жергілікті бюджет есебінен 252,8 млн. теңге бөлінген. Қазір мұнда 40 техника, 200-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. 4 жолақты жаңа көпірдің ұзындығы 386 метр, ені 3,5 метр. Көпір биыл пайдалануға беріледі.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері