Арқалықта халыққа қызмет көрсету кешені ашылды

21 Қараша, 2013 16:11
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Арқалықта халыққа қызмет көрсету кешені ашылды, сондай-ақ, такси, шағын наубайхана мен жарнама агенттігі жұмыс істей бастады, деп BNews.kz хабарлады.

«Мемлекеттік гранттарды ұтып алу бойынша Арқалық қаласындағы жаңа нысандардың ашылуына 8 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру бойынша 3 жоба ашылды, оның бірі 3 млн теңгелік халыққа қызмет көрсету кешені. Жоба бойынша мына әрекеттер жүзеге асырылады: автожуу, алашаларды тазарту мекемесі. Молодежный ауылында шағын наубайхананың ашылуы-2 млн теңге, жарнама агенттігінің ашылуы – 3 млн теңге», - деді Арқалық қаласының кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің жетекшісі Жаннат Құсұлбаева.

Оның айтуынша, несиелік қойылымдар бойынша салалық бағытқа шек қоймай 50 млн теңге кетіру жоспарланып отыр.

«Екінші дәрежелі банктер бойынша Қостанай қаласының компанияларымен Арқалық қаласының 2 жобасы қолданды, олардың құны 14,5 млн теңге», - деді Ж. Құлұсбаева.

Сондай-ақ, столярлы цехтің ашылуы жоспарланып отыр. Жоба құны  - 3 млн теңге, «Қазақстан халық банкінің» қарамағына жіберілді.

Барлық жаңалықтар