- Басты
- Жаңалықтар
- Армия ойындарына қатысу үшін әскери-медициналық эстафета аяқталды (ФОТО)
Армия ойындарына қатысу үшін әскери-медициналық эстафета аяқталды (ФОТО)
Байқау шеңберінде әскери медиктер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданатын өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.
Байқау екі кезеңде өтті. Атап айтқанда, «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік». Бірінші кезеңде әскери қызметшілер әскери-спорттық кедергілерден өтті, штаттық қарудан оқ атты, медициналық қызметтің жеке құрамына арналған арнайы даярлық бойынша нормативтерді орындады.
Екінші кезең оқу-тактикалық алаңның жабдықталған қашықтығында және танкодромның дайындалған бағдарында өткізілді. Онда механик-жүргізушілер жердің күрделі жағдайларында өздерінің жүргізу шеберліктерін паш етті. Әскери ақ желеңділер ұрыс алаңынан шартты жараланғандарды алып шығу, зақымдалған ұрыс техникасынан жаралыларды шығару жөнінде кәсіби тұрғыдағы машықтарын көрсетті және алғашқы медика-санитарлық көмек көрсетті. Екінші кезеңде ұрыс жағдайларында жүргізу бойынша кәсіби қабілеттілігі болуы тиіс механик-жүргізушінің шеберлігі негізгі рөлге ие.
Медициналық қызметтердің әскери қызметшілері мұндай сайыстан алғаш рет өтіп жатқандарын айта кетейік. Қорытындысы бойынша жалпы командалық біріншілікте Аэроұтқыр әскерлерінің командасы бірінші орынды, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы екінші орынды иеленді. «Жеке біріншілік» аталымында ерлер арасында 11971 әскери бөлімінің санитарлық нұсқаушысы аға сержант Ержан Елубаев, әйелдер арасында 61993 әскери бөлімі медициналық ротасының мейірбикесі аға сержант Эльнара Бүтімбаева үздік атанды.
12 үздік әскери медик енді 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалады. Жаттықтыру қорытындысы бойынша 6 әскери медик Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 халықаралық кезеңіне қатысуды жалғастырады.
Мұндай жарыстардың мақсаты халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіби қызметінің беделін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды