- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов мүлікті жария ету бойынша науқан барысы туралы Үкімет отырысын өткізді
К.Мәсімов мүлікті жария ету бойынша науқан барысы туралы Үкімет отырысын өткізді
Мүлікті жария ету бойынша науқан өткізу барысы туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Оның мәліметінше, қазіргі сәтте мәлімделген мүлік сомасы еліміз бойынша 1,4 трлн. теңгеге жетті, оның 1,2 трлн. теңгеге жуығы жария етілді.
Заңның жаңа шарттарындағы жұмыстың бес айында, яғни 2015 жылдың 1 желтоқсанынан кейін 794 млрд. теңге жария етілді, бұл науқанның барлық кезеңіндегі жалпы соманың үштен екі бөлігін құрайды, деп атап өтті Б.Сұлтанов.
«Түзетулер жария ету барысына жақсы серпін бергені көрініп тұр. Кезең бойы науқанның мүмкіндіктерін 86 мыңға жуық азамат пайдаланды. Өтініштер санының артуы халық тарапынан қызығушылықтың артқанын білдіреді», - деп баса айтты Қаржы министрлігінің басшысы.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев науқанның әрекет ету кезеңінде банктер 910 шот ашып, оларға 590,3 млрд. теңге салынғанын айтты.
«Оған қоса, арнайы шоттардағы барлық ақшаның 83% ағымдағы жылдың төрт айында жария етілді. Осындай шоттарға ай сайынғы ақша ағымы а.ж. орта есепен алғанда 148 млрд. теңгені құрады, бұл заңнамаға енгізілген өзгерістердің дұрыстығын тағы да растайды», - деді науқанға 30 банк пен «Қазпошта» АҚ қатысатынын еске салып өткен Д.Ақышев.
Орман және дала өрттерінің алдын алу мәселелері бойынша ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады.
Министрдің мәліметінше, жыл сайын елімізде 4000-ға дейін орман-дала өрттері орын алады, олар 180 мың га жуық ауданды қамтиды, залал 230 млн. теңгеден асады.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап орман қоры аумағында жалпы ауданы 285 га болатын 16 өрт тіркелді, залал сомасы 1,7 млн. теңгені құрайды. Дала алаптарында 2 180 га ауданда 410 өрт тіркелді. Құрбандар мен залалдар жоқ», - деп мәлімдеді ІІМ басшысы.
«Ағымдағы жылы Қазгидрометтің мәліметінше, шілде-тамызда ауаның орташа температурасы +30 градусқа дейін деңгейде болжанып отыр. Оған қоса, батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын тапшылығы күтілуде, сондықтан елдің бірқатар өңірлерінде дала-орман өрттерінің шығу қаупі бар», - деп мәлімдеді Қ.Қасымов.
Осыған байланысты ІІМ өрт қаупі бар маусымда орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша арнайы жоспар жасады. Қазіргі уақытта еліміз бойынша орман-дала өрттерін жою үшін республикалық құралдар күшін топтастыру – 4779 автокөлік бірлігі, суағар құрылғылары бар 11 тікұшақ, 47 өрт пойызы және 34 мыңнан астам адам анықталды. Шекара маңындағы аумақтарда өзара іс-қимылды пысықтау үшін Ресей және көрші елдердің ТЖМ бөлімшелерімен тактикалық оқулар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, ведомство басшысы бірінші кезектегі шешімді талап ететін бірқатар мәселелерге облыс әкімдерінің назарын аударды. Атап айтқанда, өрттерді жоюға, су қоймаларын, өртке қарсы бөгеттерді, өртке қарсы мақсаттағы жолдарды салуға шығындардың көздері барлық өңірлерде жоспарланбаған.
Бұдан өзге, Қ.Қасымов табиғатты қорғау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру техникасымен және басқа да құралдарымен жабдықталуының төмен деңгейін, сондай-ақ ауылдардағы өрт бекеттері мен өртке қарсы еркін қалыптасулардың әлсіз тиімділігін атап өтті.
Қ.Қасымов 90% жағдайда ормандар адамдардың кесірінен жанатынын еске салып, халық арасында профилактикалық іс-шараларды күшейтуге, азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы белсенді ақпараттандыруға шақырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады