• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да қаптағыш кірпіштер мен жабындық черепицалар шығаратын кәсіпорын ашылады

ОҚО-да қаптағыш кірпіштер мен жабындық черепицалар шығаратын кәсіпорын ашылады

3 Мамыр, 2016 15:39
ОҚО әкімдігі мен «GMT Kazakhstan Investment AE» ЖШС «Ontustik Invest 2016» Халықаралық форум барысында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталмыш кәсіпорын 2017 жылы 100 пайыз ішкі нарықты қамтамасыз ететін қаптағыш кірпіштер мен жабындық (шатыр) черепицаларын өндіреді.

21,6 млд.теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы күндігіне  600 тонна қаптағыш кірпіш  пен 200 тонна шатыр черепицасын өндіреді.

Жоба толық іске қосылғанда  200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Барлық жаңалықтар