• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның Зайсаң ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік үй пайдалануға берілді

ШҚО-ның Зайсаң ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік үй пайдалануға берілді

3 Мамыр, 2016 15:03
ШҚО-ның Зайсаң ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ШҚО Зайсаң ауданының әкімі Алмас Оңдақанов өңірлік ОКҚ-да айтты.

Қазіргі таңда үй мемлекеттік комиссиямен қаралды, пайдалануға дайын. Жылу беру инфрақұрылымы салынған. Аймақ басшысының айтуынша, үйге орналасатын адамдар тізімі жасалуда.

Осы жылы тұрғын үй құрылыс өсімін қолдау үшін 2 200 шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарлануда.

Айта кетерлігі,  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында Зайсаң ауданының құрылыс саласында рұқсат беру құжаттарын беру үрдісі қысқартылды.

Барлық жаңалықтар