• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИДМ: Қазақстанда индустриаландырудың 6 жылы ішінде 3,8 трлн теңгенің 900 жобасы пайдалануға берілді

ҚР ИДМ: Қазақстанда индустриаландырудың 6 жылы ішінде 3,8 трлн теңгенің 900 жобасы пайдалануға берілді

3 Мамыр, 2016 12:21
Қазақстанда индустриаландырудың 6 жылында пайдалануға 3,8 трлн теңгенің 900 жобасы берілді. Бұл туралы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясындағы индустриялды-инновациялық даму мәселесіне арналған брифинг барысында ҚР ИДМ Инвестициялар туралы комитеттің төрағасы Ерлан Хаиров мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір әлемдік экономикада өзгерістер болып жатыр. Қазір дамып жатқан инвестициялар даму нарығына өтуде. Бұл Қазақстанға да қатысты. 2015 жылдың статистикасы бойынша тау өңдеу өнеркәсібіне 60 пайызға инвестицияның төмендеуіне әкелді. Шикізатты өндіру 60 пайызға, сауда 50 пайызға төмендейді. Егер бір есік жабылатын болса, келесі есік ашылып, жаңа мүмкіндік пайда болады», - деді ол.

Е.Хаировтың айтуынша,ҚР-да мұнай инвестициялық өнімнің шығарылымы 80 пайызға өсті, машина құрылысы саласындағы инвестиция 7 есеге өсті. Азық-түлік пен сусын шығаруда 30 пайыздық өсім байқалды.

«Жалпы, 6 жыл ішінде пайдалануға 3,8 трлн теңгенің 900 жобасы берілді», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар