ОҚО-да 600 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін кәсіпорын ашылады

4 Мамыр, 2016 08:43
«Ontustik Invest 2016» Халықаралық форум барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Аманта» корпарациясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кәсіпорын 2018 жылдан бастап іске қосылып, жылына 200 мың тонна шикі құрғақ қант, 600 мың тонна қант қызылшасын және 300 мың тонна тауарлық қант өңдейді деп жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны – 35,8 млрд. теңгені құрайды. Жоба бойынша 200 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен бірге, өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 30 пайызы экспортқа жіберіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар