Оңтүстікте күніне 8 тонна құрғақ түйе сүті өндірілетін болды

3 Мамыр, 2016 20:43
«Golden Camel» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзіліп,қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазақстан түйе сүтін өндіруде көшбасшылар қатарына енген. Осы ретте,  түйе сүтінен құрғақ ұнтақ, түйірлер (таблетка) , иогурт, балқаймақ, шалап, тағы басқа да шұбат сусындарын жасаудың технологяларын игеріп Оңтүстіктен түйе сүтін өңдейтін зауыт  ашу жоспарланған.

Зауыт 2017 жылдың наурыз  айында ашылады деп күтілуде . Жобаның жалпы құны: 12,8 млрд.теңге.

Жобаның қуаттылығы -  күніне 8 тн құрғақ сүт өнімін өндіреді. Жоба бойынша 144 адам жаңа жұмыспен қамтылады.

 

Барлық жаңалықтар