ҚМГ N.V қытайлық компаниясымен бірігіп CEFC бірлескен кәсіпорнын құрды

3 Мамыр, 2016 11:32
KMG International N.V. компаниясының негізінде біріккен кәсіпорын құру туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (одан әрі – ҚМГ) және China CEFC Energy Company Limited компаниясының арасында құжаттарға қол қою болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚМГ және CEFC жаңадан құрылып жатқан біріккен кәсіпорында үлестік қатынасы тиісінше 49 және 51 пайызбен қатысады.

Қол жеткен уағадаластық шеңберінде CEFC өзіне бірқатар міндеттемелер алды, соған сәйкес олар Еуропа және Жібек Жолы елдеріне инвестиция салуды жүзеге асырады.

Қазақстандық ұлттық мұнайгаз операторы ҚМГ ҰК пен CEFC компаниясының біріккен жобасы ҚМГИ Тобының негізінде дамиды және ол «Silk Way жобасы» деген атқа ие болды. Қазақстан, Қытай және Румыния мамандарынан жасақталған жұмысшы тобы көптеген дайындық жұмыстарын жүргізді. Айтар болсақ, 2015 жылдың 14 желтоқсанында өзаракелісім туралы Меморандумға қол қойылды, үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында тараптардың Негізгі шарттары (Therm Sheet) Қазақстан және Қытай мемлекеттері Премьер-министрлерінің қатысуымен келісілді.

 «Бизнесті дамыту үшін біріккен тұғыр ретінде ҚМГИ-ді пайдалана отырып мықты инвестормен одақтастықта компания айтарлықтай алға жылжи алады», -деді ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев.

 «ҚМГ және CEFC арасындағы әріптестік бірлескен платформа құруға және энергетика секторының дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға негізделген. Аталған әріптестік Қытай елінің «Бір белдеу – бір жол» және Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламаларымен ұштасып жатыр. Бұл әріптестіктің екі тарапқа да тиімді болатынына біз сенімдіміз» - деп атап өтті CEFC Атқарушы директоры Цзан Цзянцзюнь.

Біріккен кәсіпорынды басқаруды тепе-теңдік негізде жүзеге асыру жоспарлануда.

Мәмілелер еуропалық рұқсат ету органдары тарапынан түпкілікті келісуге жатады. Мәміл

 

Барлық жаңалықтар