Парламент Сенаты мүлік пен көлік салығын көтеру туралы заңды қабылдады

21 Қараша, 2013 15:34
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «Салық салу туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

Заң жобасы жеке тұлғалардың мүліктеріне, жер телімі мен көлік құралдарына және де алкоголь мен  темекі өнімдеріне салық құнын көбейту нормасын қамтиды.

Сонымен қатар, заң жобасы бойынша, күшті алкоголь ішімдіктерінің акцизі де өсіріледі. 2014 жылы аталмыш салық 500 теңгеден 1 мың теңгеге көтерілсе, 2015 жылы 1,2, 2016 жылы 1,6 мың теңгеге дейін өспек. Ал әлсіз алкоголь өнімдеріне қойылатын салық 2014 жылы қаралмақ.

Заң жобасында 2015 жылы тобак өнімдеріне акциз құны 3 мыңнан 3,9 мың теңгеге дейін, 2016 жылы 5 мың теңгеге артпақ.

Бұдан бөлек 150 млн теңгеден жоғары қымбат тұрғын үйлердің салығын үш есеге дейін өсіру қарастырылған.

Ал көлік құралдарына келер болсақ, 4000-5000 куб см көлеміндегі қозғалтқышқа ие көліктер үшін төленетін салық 130 АЕК-ке, 5000-нан артық көлемдегі қозғалтқышты көліктің иелеріне 200 АЕК көлемінде салық салынбақ.

Заң Мемлекет басшысының қол қойюынан кейін заңды күшіне енбек.

Барлық жаңалықтар