- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстанда 75 жас отбасы пәтер кілтін алды
Солтүстік Қазақстанда 75 жас отбасы пәтер кілтін алды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, жаңа пәтерге орналасқандарды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.
«Барлық қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі әрдайым біздің саясатымыздың басым бағыттарының бірі болып отыр. Өзіңнің үйінді алу – өмірлеріңіздегі маңызды және қуанышты жағдай. Сіздерді шын жүректен құттықатймыг. Денсаулықтарыңыз мықты болып, шаңырақтарыңыздан береке кетпесін»,-деді әкім.
Жаңа жеке пәтерлерін алған Байғұзиновтар жанұясы өз қуаныштарымен бөлісті.
«Н.Назарбаевқа осындай жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ететін бағдарламаның болғанына алғысымызды айтқымыз келеді, бұл біз үшін улкен қолдау. Бізге пәтеріміз қатты ұнайды»,-деді Әйгерім Байқұзинова.
Айта кетейік, үйдің құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталды. «Аймақты 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы бойынша «Жас отбасы» бағытына орай жаңа үйден 75 жас солтүстік қазақстандық отбасы пәтер кілтін алды»,-деп хабарламада айтылған.
Сонымен қатар, бұл аймақта пайдалануға беріп жатқан алғашқы тұрғын үй. 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс орталығында 11 тұрғын үйді немесе 1011 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды