• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазТрансОйл» Павлодар-Шымкент мұнай құбырының 14,3 шақырымын пайдалануға берді

«ҚазТрансОйл» Павлодар-Шымкент мұнай құбырының 14,3 шақырымын пайдалануға берді

3 Мамыр, 2016 10:26
Павлодар-Шымкент мұнай құбырының 1623-тен 1632 шақырымынан 14,3 шақырымын «ҚазТрансОйл» Шымкенттегі тұрғын үйлердің магистарльді мұнай құбырына жақындық мәселесін шеші үшін пайдалануға берді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік,  ҚР «Магистральді  құбыр туралы» Заңы магистарльді  құбырға қатысы жоқ кез келген  нысанның құрылысына тікелей тыйым салған болатын. Осыған дейін бұл тәртіп «Мұнай туралы» және «Таби қазба байлықтарын қолдану туралы» заңында қабылданған болатын.

2014 жылдың қаңтарында «ҚазТрансОйл» АҚ ОҚО әкімдігімен бірігіп Павлодар-Шымкент мұнай құбырлы магистральді учаскесін Шымкенттің  халық тығыз орналасқан ауданына көшіру туралы меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжатқа сәйкес, компания мұнай құбырын көшірудің шығынын өзіне алды ол 1,8 млрд теңгені құрады. Павлодар-Шымкент мұнай құбырының жаңа учаскесі  2016 жылдың наурызында тапсырылған болатын. 12-15 сәуір күні Павлодар-Шымкент мұнай құбырына қосылды.

 

Барлық жаңалықтар