ОҚО-дағы құс өсіру фабрикасына 15 млн доллар инвестицияланды – әкімдік

3 Мамыр, 2016 10:09
ОҚО әкімдігі мен «Ордабасы құс» ЖШС-нің арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісім құс өсіру кешенін кеңейту, күрке тауық етін сою және қайта өңдеу жобасына бағытталған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жобаның қуаттылығы мен мақсаты: құс кешеніндегі құс өсіру өндірісі бойынша 20 000 тона келі тірі  салмаққа дейін көлемді  ұлғайту болып табылады.

Инвестиция соммасы: 15 млн. АҚШ долларын құрайтын  фабрикада  250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

50 пайыз ішкі нарықты қа және 50 пайыз экспорттауды жоспарлаған жоба, терең қайта өңдеуден өткен ассортименттегі күрке тауық өнімдері (сүрленген – шұжық-сосиска бұйымдары) шығарады екен. Жобаны құрылысы   2018 жылы аяқталады деп күтілуде.

 

Барлық жаңалықтар