- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық өндірушілер Омбы облысына іскерлік сапар жасады (ФОТО)
Қазақстандық өндірушілер Омбы облысына іскерлік сапар жасады (ФОТО)
Іскерлік сапарды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы «KAZNEX INVEST» АҚ-мен, Ресейдегі Қазақстан Елшілігімен, Омбы қаласындағы консулдығымен және Омбы облысы Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырды.
Сапар барысында қазақстандық агроөнеркәсіптік кешені, азық-түлік, құрылыс, химиялық өнеркәсіптерінің және қаптау саласының 20-шақты өндірушілері ресейлік тұтынушы компанияларын өз мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қазақстан тарапының ресми делегациясы құрамында Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Б.Иманбаев, Омбы қаласындағы консул Э.Қонаев, Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Манкеев, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқару төрағасының орынбасары С.Аханова, «KAZNEX INVEST» АҚ-ның басқару төрағасының орынбасары М.Майкенов қатысты.
Сапар шеңберінде ҚР Ауылшаруашылығының вице-министрі бастаған қазақстандық делегация Омбы қаласының губернаторы, Үкіметінің төрағасы В.Назаровпен кездесу өткізді.
Е.Нысанбаевтың айтуынша, екі тарап өзара сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге, оның ішінде ең бастысы ауыл шаруашылығы саласындағы бизнестің дамуына жәрдем ету қажеттілігін бірауыздан мәлімдеді.
«Қазақстан ірі аграрлық мемлекет болып табылады. Нарықтық экономика талаптарына сай қалыптасып үлгірген бұл саламыз инвесторлардың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағыттағы жақсы бастамалар іске асырылып жатқанға қарамастан, Еуразия экономикалық интеграциясы үдерісі аясында осы байланыстарымызды одан әрі белсендетуге жауапты мыз. Кездесулердің түрлі форматтары мен алаңдарын дамытуды жоспарлаймыз», - деді делегация басшысы.
Сонымен бірге, ҚР Ауылшаруашылығының вице-министрі жекелеген сауда ярмаркалар өткізу кестесімен өзара алмасуды ұсынды.
Омбы облысының губернаторы В.Назаров, өз кезегінде, Қазақстанмен тауар айналымының көлемі тұрақты түрде өсіп жатқанын айтып, оның негізі ауылшаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі өнімдерінен қалыптасып отырғанын ескерді.
«Біз жаңа бірлескен кәсіпорындар құруды және сауда қарым-қатынастар дамытуды қалаймыз. Облыс арқылы ірі көліктік-транзиттік дәліздер өтуде, сондықтан бірлескен сауданы кеңейту үшін шекараға шектес аймағында бірыңғай логистикалық орталықты құру ерекше маңызды әрі қажетті. Омбы облысының транзиттік әлеуетін игеру - біздің басты мақсаттарымыздың бірі», - деді В.Назаров.
Облыс губернаторы қазақстандық тауарларының жекелеген сауда ярмаркасын ағымдағы жылғы шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастыруды ұсынды.
Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Манкеев «Қорғас» ХШЫО»-ның үлгісі бойынша Қазақстан мен Ресей шекарасында көліктік-логистикалық орталығын құру идеясын айтты.
ҚР Сыртқы сауда палатасы басқару төрағасының орынбасары С.Аханова өзара сауданың қарқынын сақтап қалу және екі елдің экспорттық әлеуетін дамыту - қазіргі кездегі ең басты мақсат деді. Қазақстан мен Ресейдің шекараға шектес аймақтарында агроөнеркәсіптік кешені мен азық-түлік өнеркәсібі саласында іске асырылған екіжақты кооперация жобаларының үлгісі бойынша көптеген жаңа бірлескен кәсіпорындар мен өндіріс кооперацияларды құру жүмысымыздың негізі болып табылады, - деп жалғастырды ол. С.Аханованың айтуынша ҚР Сыртқы сауда палатасы Қазақстан аймағындағы барлық инвестициялық жобаларды бір реестрге енгізді және ресей тарапына танысуға беруге дайын.
Омбы облысының Экономика жөніндегі министрі О.Фадина, өз кезегінде, Қазақстандағы инвестициялық жобалармен танысуға қызығушылығын танытты.
Іскерлік сапар барысында отандық кәсіпорындар Омбы облысының іскерлік орталарымен, Ауылшаруашылығы, азық-түлік, экономика, құрылыс министрліктерімен, сондай-ақ Даму және инвестиция агенттігімен келіссөздер өткізді.
Нәтижесі бойынша ресторандық пен кондитерлік жабдықтарын жеткізіп отыру туралы «Крендель Экибастуз» ЖШС мен «Альфа-бизнес» ЖШҚ арасында, Ресей нарығына қымызды жеткізіп отыру туралы «Сагып» ЖШС мен «СибТранс» ЖШҚ арасында келісім-шарттарға қол қойылды.
Кездесулер соңында «Амангельды» ЖШС жеміс-көкөніс өнімін облысқа жеткізіп отыру туралы келісім-шартқа отыруды жоспарлайтынын мәлімдеді.
Қазақстан делегациясы «МилкОм» ЖШҚ, «ДРУЖИНО» аймақтық агроорталығы», «Кеуек заттар комбинаты», «Жилье» Тұрғын үй құрылысты дамыту қоры секілді біраз Омбы облысының ірі кәсіпорындарымен танысып шықты. Танысу барысында қазақстандық «Emireit» ЖШС «ДРУЖИНО» аймақтық агроорталығына Қазақстанның аумағында бірлескен кәсіпорынды (жылыжай кешенін) құруды ұсынып, бұл жобаны қаржыландыруға дайын екенін хабарлады.
Сонымен қатар, делегация мүшелері Қазақ тілі және мәдениеті орталығының қызметімен барып танысты және Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығы ғимаратында қазақ диаспорасының зиялы өкілдерімен кездесу өткізді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды