Жалға берілген жерді қазақстандықтар жарты бағамен сатып ала алады

2 Мамыр, 2016 14:32
Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар, деп хаабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ    шетелдіктерге  салынған  шектеулердің айналып өту  тетіктерін де  ескереді.  

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

 

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар