- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар жылыжайларынан 2 апта ішінде 18 тонна қызанақ жиналды
Павлодар жылыжайларынан 2 апта ішінде 18 тонна қызанақ жиналды
Павлодарда голландтық технология бойынша өсірілетін қызанақтардың дәмін татып көрген аймақ басшысы түскен өнімді ірі дүкендер мен супермаркеттерге делдалсыз өткізуге кеңес берді. Бұл өндірушілерге де, тұтынушыларға да бірдей тиімді болмақ.
« Бүгін біз Павлодар жылыжай комбинаты толық қуаттылық деңгейіне шықты деп айта аламыз. Енді қызанақтардың қызарып, пісуін күту ғана қалды. Өнімді сатылымға шығару кезінде барлық қиындықтарды ескеру қажет. Біз бәсекелестіктен қорықпауымыз қажет, үйткен өнімді өткізетін нарық көлемі аса кең», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Комбинат директоры Мейрам Мақашевтың айтуынша өткен екі апта ішінде жылыжайда 18 мың тонна қызанақ жинап алынды.
« Қызанақтардың алғашқы партиялары Павлодар нарығына шығарылды. Біз өз өнімімізді Омбы және Новосібір қалаларына да сатуды жоспарлап отырмыз. Қызанақтарды босату бағасы сортына қарай 550 теңгеден 650 теңгеге дейін», – деді М. Мақашев.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар жылыжай комбинатының құрылысы 2014 жылғы мамыр айында басталып, өткен жылдың желтоқсанында аяқталған еді. Жылыжайда қызанақтың бірнеше түрі, оның ішінде атақты «Каприци» сорты да өсіріледі. Кешеннің жобалау жұмыстарын голландтық «DALSEM» компаниясы жүргізді. Қызанақтар гидропоника әдісімен, яғни топырақты қолданбай өсіріледі.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары