- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери техника мен қару-жарақ шеберлері Арми-2016 халықаралық ойындарына дайындалуда (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери техника мен қару-жарақ шеберлері Арми-2016 халықаралық ойындарына дайындалуда (ФОТО)
Оған Құрлық әскерлері, Аэроұтқыр әскерлерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарының әскери қызметшілері қатысты. Іріктеу байқауы «Қару жасаушы шебер», «Автоброньды техника шебері» және «Жөндеу батальоны» атты үш аталым бойынша өткізілді.
Қазіргі сәтте екі аталым бойынша байқаудың кезеңдері аяқталды және оның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Құрлық әскерлерінің бөлімдері арасындағы байқаудың ақтық кезеңі «Жөндеу батальоны» аталымындағы бақ сынасу болды. Бұл кезеңде үздіктер атағына материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері тартысқа түсті. Олардың алдында барынша қысқа мерзімде және сапалы түрде істен шыққан техниканы жөндеу тапсырмасы тұрды.
Байқау шарттары жауынгерлік жағдайда техниканың істен шығып, алайда, ұрысты жалғастыру қажет болған кезде әлеуетті ықтимал ахуалдар негізінде құрылған. Мұндай сәттерде күрделі жағдайларда қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді жүзеге асыруға дайындалған әскери жөндеушілер көмекке келіп, жағдайды ретке келтіруі тиіс. «Жөндеу батальоны» байқауының қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы бірінші орынды, «Шығыс» ӨңҚ командасы екінші орынды иеленді. Командалар мен үздік әскери қызметшілер ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығынан грамоталармен, кубоктармен және вымпелдармен марапатталды. Қазақстандық әскери қызметшілер үшін тартыстың келесі кезеңі Ресей Федерациясында өтетін Армия халықаралық ойындарына қатысу болмақ. Онда олардың қарсыластары отандастары емес, ал әлемнің шетел армиясының командалары болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді