• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып ала алады

Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып ала алады

2 Мамыр, 2016 15:39
Тек қазақстандықтардың ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқығы бар, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар.

Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал   99,5 млн га жер жалға берілген.

Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен  және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің  шетелдіктерге  65 мың га жері ғана берілген  – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі  -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы  американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық - 141,6 мың га.

Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік –Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен   май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол  12 мың га  жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өңдеу үшін май экстракциялау заводының құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив  9 ауылшаруашылығы өндірушілерінің басын қосады.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша  жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында  - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га,  Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері  - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар