Қазақстандықтар жерді жеңілдетілген тәртіппен сатып ала алады - ҰЭМ

2 Мамыр, 2016 13:06
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерді нарықтық айналымға енгізуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Жердің белсенді нарықтық айналымын ынталандыру және жер қорының экономикалық қайтарымдылығын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік нысаны негізінен Еуропа елдерінде енгізілген.

Франция мен Геманияда ауыл шаруашылығы жерлері негізінде отбасылық фермаларға жеке меншік құқығында беріледі.

Польша, Венгрия, Румыния мен Болгария сияқтыШығыс Еуропа елдерінде жерді 3-5 жыл сатуға тыйым салынып, жеке меншік құқығы енгізілген.

Сонымен қатар, шетелдік практикада жерге жеке және мемлекеттік меншік нысандары сияқты әртүрлі нұсқалардың болуын жоққа шығармайды, мұндай балама өз қабілеттілігін дәлелдейді.

Жерге жеке құқықты қолдай және оны қорғай отырып, мемлекет оның пайдаланылуы мен оған  билік етуді бақылау функциясын өзіне алады.

Жер меншігі туралы мәселеге мұндай көзқарас, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, бүкіл қоғам мен жалпы экономикаға тиімді, осылайша, жердің тұрақты айналымы қамтамасыз етіледі.

Бельгияда, Швецияда, Ресейде, Италияда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мемлекеттік және жеке меншігі теп-тең дамыған.

Бельгияда мемлекет латифундияға, жер алқаптарын мақсатсыз және тиімсіз пайдалануға жол бермеу мақсатында жалдау қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен, жеке меншік жер қатынастарының аграрлық секторында басым заттық құқық нысаны болып табылады. Бельгияда шаруашылықты толығымен жалдаған кезде ең аз мерзім – 9 жыл.  Швецияда 43%-ға жуық немесе 19 млн.га астам жер жеке меншікте, қалғаны  жер пайдалануда.

Италияда, егер фермер шаруашылықты тиісті деңгейде жүргізбейтін болса (жердің құнарлығын қолдауды және нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды қоса алғанда), жерді пайдалану және айналымға салу үшін аса тиімді пайдаланушыларға учаскені мәжбүрлеп жалға беру (сату) қолданылады. Әртүрлі санаттағы жерді нысаналы пайдаланудың қатаң шарттары, оның ішінде аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып айқындалатын экологиялық сипаттағы шарттар, жерді пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін санкциялар енгізілген.

Мысалы, шетелдіктер үшін жалға беру мерзімі Ресейде 49 жыл болса, Біріккен Араб Әмірліктерінде-99 жыл.

Барлық жаңалықтар