• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында Жер кодексін түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізілуде (ФОТО)

Ақтөбе облысында Жер кодексін түсіндіру бойынша халықпен кездесу өткізілуде (ФОТО)

2 Мамыр, 2016 10:36
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен екі кездесу өткізді, шараларда Жер Кодексіне енген өзгертулер түсіндірілді.

Бірінші кездесу облыс әкімдігінде бастамашылық топтың қатысуымен өтті. Сондай-ақ, әкім облыс тұрғындарына жаңа заңның қосымшаларын түсіндірді. Достық үйінде өткен кездесуде 450 адам болды. Екі сағат ішінде облыс әкімі, Парламент депутаты Елеусін Сағындықов пен ҰЭМ басқарма жетекшісі Самат Сәрсенов олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Халықты жерді жалға бер мен сату мәселесі қызықтырды,  тұрғын үй құрылысына берілетін жерлер жағдайы сұранысқа ие болды.

Бердібек Сапарбаев барлығын тыңдап болған соң, мемлекет жерлерді тиімді әрі орынды пайдалануға барлық шаралар қолданылып жатыр. Жер кодексіне енген өзгертулер жердің нарықтық айналымын белсенді ету үшін қолданылды. Жер қорынан экономикалық серпін алу үшін жасалғанын айтты. 

Барлық жаңалықтар