• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жерді жеке меншікке беру елдің аграрлық саласына оң әсер береді – сарапшы

Жерді жеке меншікке беру елдің аграрлық саласына оң әсер береді – сарапшы

2 Мамыр, 2016 11:37
Жерді жеке меншікке енгізу елдің аграрлық саласына оң әсер береді, деді Қостанай облысы «Қайрат» ЖШС директоры Төремұрат Өтепов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Жерді жеке меншікке беру мүмкіндігінен ешқандай қауіп көріп тұрғаным жоқ, кімнің шамасы келеді сатып алсын. Егер де жер жеке меншікте болатын болса ол жаан емес, керісінше, бұл жерді босқа алып отырған қолданушыларды шеттетуге мүмкіндік береді, жерді қолдану керек, немесе мемлекетке беру керек», - деді ол.

Оның айтуынша, жер жеке меншікте жер салығын төлеуді қажет етеді. «Мемлекеттік қазына толып, жер өз қызметін атқара береді», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, егер жерді екі жыл өңдемесе аурулар пайда болады.

«Шегіртке қаптап, құрттар шұңқырларды толтыра бастайды. Ол адамдардың ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін», - деді ол.

Жалға беру мәселесіне келетін болсақ, бұл жеке меншік емес жалға беру ғана.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар