- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Бірлік күніне флешмоб ұйымдастырылды (ФОТО)
Талдықорғанда Бірлік күніне флешмоб ұйымдастырылды (ФОТО)
Мерекені этномәдени бірлестіктер жалғастырып, халықтық өнер түрлерінен көрме ұйымдастырды, би ұжымдары «Достық сюитасын» орындады.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жиналғандарды құттықтады:
“1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрқайсымыз үшін де қастерлі. Бейбітшілік, тұрақтылық, ұлтаралық татулық – біздің мемлекеттігіміздің іргетасы, біздің байлығымыз. Бұл ел Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының басты бағыты. Осы таңдаған жолымыздың нәтижесінде Қазақстан бүгінде өсіп, өркендеп, әлемдік қауымдастықта зор беделге ие болып отыр. Бірлігімізді сақтауға, этникааралық келісімді нығайтуға әрқайсымыз да үлес қосуымыз керек.
Осы айтулы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, тәуелсіз Қазақстанымыз гүлденіп, достығымыз нығая берсін. Бір шаңырақ астында ортақ Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мұнан соң қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама мен «Өнерім - өмірім» халықаралық фестивалінің гала-концерті ұсынылды. Сонымен қатар талдықорғандықтар үшін сахнада осы күні Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Әли Оқапов пен Марат Ілиясов өнер көрсетті.
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
«Ауыл» партиясы «Бірлік» партиясымен бірігуден бас тартты -
Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді -
Абай күніне орай қандай іс-шаралар өтіп жатыр -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Астана күніне орай медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн режимде өтеді -
Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі -
Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді -
Мемлекет басшысының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі