Қазақстан Даму банкі 2010-2013 жылдардың жұмыс қорытындысын шығарды

21 Қараша, 2013 15:05
Қазақстан Даму банкі 2010-2013 жылдардың жұмыс қорытындысын шығарып, «Бәйтерек» холдингі құрамында даму болашағының жоспарын мәлімдеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Баспасөз конференциясына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы – Қазақстанның Даму банкі директорлар Кеңесінің мүшесі Қуандық Бишімбаев, банктің тәуелсіз директоры Уольф Вокурка, ҚДБ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты», - делінген хабарламада.

«2010-2013 жж. аралығында ҚДБ-мен экономикаға $3 млрд. аса қаржы салынды. Бұл кезең ішінде жалпы құны $7 млрд., Банк қатысуымен $4,3 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба мақұлданды», - деп өз сөзінде Әсет Исекешов  мәлімдеді.

Солардың қатарында-Ақтөбе рельс зауыты, Өскемен титан-магний  комбинаты, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау қаласындағы полиропилен  шығаратын газхимиялық кешені, «ЕвразКаспианСталь» сұрыпты жаймалау шығару зауыты, «БоровоеТуризмСити» туристтік- қонақүйлік кешені, алюминий шығаратын Қазақстан электролиз зауыты, Кентау Трансформатор зауыты (Лизинг), Азия Авто зауыттарында автокөліктер шығаруын кеңейту (Лизинг), СарыаркаАвтоПром (Лизинг) және еліміздегі тағы да басқа танымал жобалар бар.

Қазіргі таңда, Банктің қаржылай көмегімен жалпы саны 38 құрайтын жобалар  мен  лизингті операциялар іске асты. 2012 жылы жүргізілген реформалар арқасында Банк 15,3 млрд. теңге рекордты пайда көрді. Болжамды деректерге сүйенсек, 2013 жылы бұл көрсеткіш 20 млрд. теңгеден асады деп күтілуде.

Баспасөз конференцияда 2013 жылдың қараша айының 25 жұлдызынан бастап «ҚДБ» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайыновтың басқа қызметке ауысуына байланысты уәкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы жарияланды. «Бәйтерек» Холдингінің басшысы Қуандық Бишимбаев ҚДБ-ның соңғы жылдардағы нәтижелерін жоғары бағалап, Нұрлан Құсайыновқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.  Қуандық  Бишимбаевтың  сөзі  бойынша,  Басқарманың қазіргі басшылығының арқасында, Банк коммерциялық институттарға тартымды емес, бірақ экономикаға жоғары мультипликативті тиімділігін тигізетін тәуекелді, ірі және қиын жобаларды қаржыландыру қызметін күшейтті.

Барлық жаңалықтар