- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада 260 қызылордалық отбасы пәтер кілттеріне ие болды (ФОТО)
Қызылордада 260 қызылордалық отбасы пәтер кілттеріне ие болды (ФОТО)
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
“Баспана алу әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Сондықтан қоныс тойларыңыз құтты болсын. Біз де қуаныштарыңызға ортақпыз. 2015 жылы 54 көпқабатты үй салып, пайдалануға берген болатынбыз. Ал быил 67 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Сонда екі жылдың ішінде үй кезегінде тұрған азаматтардың 24 пайызы баспаналы болады, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Мына жаңа мөлтек ауданда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 640 пәтерлік 12 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 370 пәтерді құрайтын 7 үй өткен жылы пайдалануға берілген.
“Мен бүгінгі қуанышымды айтып жеткізе алар емеспін. Пәтер алу қашаннан арманымыз болатын. Осы игі істің басында жүрген барлық азаматтарға алғысымыз шексіз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, - дейді жаңа пәтер иесі Бахыт Насырова.
Қызылордада тұрғын үй құрылысы жыл санап артып келеді. Өткен жылы 2684 отбасы баспаналы болса, 2016 жылы 3329 жанұя пәтер кілтін алады.
Бүгін үйлі болғандардың көбісі мұғалімдер мен дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді