• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Сүлейменов: Инвесторларға ауыл шаруашылығындағы шығындарын толтыру үшін 25 жыл қажет

Қ.Сүлейменов: Инвесторларға ауыл шаруашылығындағы шығындарын толтыру үшін 25 жыл қажет

1 Мамыр, 2016 18:02
Инвесторларға ауыл шаруашылығындағы шығындарын толтыру үшін 25 жыл қажет, деді «Шалабай» ЖШС директоры Қуаныш Сүлейменов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Мен 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап өз күшіне енетін заңды қолдаймын. Қазір 5 жылдық жалға ерілетін жерлер өте көп, ұзақмерзімдісі-49 жыл, қазір жерді қолдану белсенді түрде жүруде. Жер ескіріп қалады, ал егер оны адам қолданатын болса, ол мүлдем өзге кейіпке енеді, Президент атап өткендей, «егер адам өз бақшасында барлығын жасаса, ол ауқымды жерде де соны қайталайды». Жердің пайдасы болуы үшін ол жеке меншікте болуы керек», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, бірде бір инвестор жерге қысқа мерзімге келмейді.

«Ауыл шаруашылығы инвесторлары өз шығындарын қайта өтеп алуы үшін 25 жыл қажет, тек заңмен бекітілген жұмыс атқарылуы керек. Демек, 25 жыл бойы инвесор жердің пайдасын ғана көріп қоймай, оған минералды құндылықтарды сіңіріп, 25 жылдан кейін жердің жағдайы жақсара түсетін жағдайға жеткізу керек», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар