• Басты
  • Жаңалықтар
  • И.Жанғұзаров: Жер кодексіне енген өзгертулерде шетелдіктерге жер сату туралы бірде бір сөз жоқ

И.Жанғұзаров: Жер кодексіне енген өзгертулерде шетелдіктерге жер сату туралы бірде бір сөз жоқ

1 Мамыр, 2016 12:03
Жер кодексіне енген өзгертулерде шетелдіктерге жер сату туралы бірде бір сөз жоқ, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Құс өсрушілер одағының президенті Ибрагим Жанғұзаров.

«ҚР Жер кодексінің әзірлеушілері әлемдік тәжірибені игерді, барша әлем бойына жер мәселесі қандай екенін білді. Меніңше, жер кодексін әзірлеген адамдар өте білікті мамандар. Заңда шетелдіктерге жерді сату туралы бірде бір сөз жазылмаған. Біздің азаматтарға жер сату бойынша ол тек ауыл шаруашылық мақсатында ғана беріледі. Фермерлер ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жағдайды жасау үшін қолданылып жатыр», - деді ол.

И.Жанғұзаровтың айтуынша, кадастрлық құннан 50 пайызды құраған төлем 10 жылға беріледі, ол фермерлер үшін өте қолайлы жалдағы жерді кез келген уақытта сатып ала алады.

«Мен бұл жөнінде алаңдайтын ештеңе көріп отырған жоқпын. Барлық фермерлер өте риза, олар жер сатып ала лаады», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, шетелдік азаматтарға жерді жалға беру уақытын ұзарту туралы атап өтті.

«Бұрын уақыт 10 жылды құраған болатын. Қазір 25 жылға ұзартылып отыр, себебі жерге астық немесе жеміс-жидекті отырғызу қажет, 5 жыл ішінде олар өспейді. Сондықтан ол үшін де уайымдаудың қажеті жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы айтып өткендей, бүгін Қазақстанда қолданылмай жатқан жер өте көп. Олар ғылым саласында қолданылуы керек.

Барлық жаңалықтар