• Басты
  • С.Кулагин ақмолалықтарды Пасха мерекесімен құттықтады (ФОТО)

С.Кулагин ақмолалықтарды Пасха мерекесімен құттықтады (ФОТО)

1 Мамыр, 2016 11:03
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Ақмола облысының халқын христиан дінінің ұлық мейрамы − Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Сіздерді аталмыш мерекемен құттықаймын. Осы орайда Елбасының сөзін айтқым келеді: «Бізде мусылмандық мереке болса, Айт немесе Наурызды барлығы мерекелейді. Рождество келгенде немесе өзге бір католиктік немесе православтық мерекені барлығы бірдей тойлайды». Ол біздің елде бейбітшілік пен келісім барын көрсетеді, сондықтан бізде барлығы жақсы, тұрақты. 1 мамыр дәстүр бойынша алаңда көптеген ұлт өкілдері  жиналып, дәстүрлі мерекені қояды. Осы жылы Тәуелсіздіктіің 25 жылдығында біз біршама жетістіктерімізді айта аламыз. Мемлекет беделді, гүлденген елге айналды. Ол Мемлекет басшысының салиқалы саясатының нәтижесінде болып отыр», - деді ол.

Айта кетейік, Көкшетаудағы шіркеуге осы күні мыңдаған тұрғын барды.

 «Қазір Пасха барша жұртты татуластырып, жақындастыратын шынайы халықтық мерекеге айналды. Ғасырлар бойы тойланып келе жатқан Пасха біздің шаңырағымызға тек қуаныш пен ерекше үміт сәулесін сыйлап келеді. Бұл мейрам адамдардың жандарын жадыратып қана қоймай, олардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мейірімділікке тәрбиелейді.  Мен осы қасиетті мерекемен Сіздерді тағы бір рет құттықтап өткім келеді.  Осы жарқын мерекеде баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, рухани тепе-теңдік пен  болашаққа деген зор сенім тілеймін! Бұл мерекемен келген пасхалық көңіл-күй  шаңырақтарыңызға шаттық, жандарыңызға тыныштық әкелсін. Мейрам сыйлаған сезімдер Сіздерді еселі еңбек пен тек игі  істерге  ынталандырсын!», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар