- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні (ВИДЕО)
Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні (ВИДЕО)
Естерінізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа 1995 жылдың 18 қазанында қол қойды. Алғаш рет бұл мереке 20 жыл бұрын 1996 жылы 1 мамырда тойланды.
Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Ұлт көшбасшысы жерімізде тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуына мән берді. Осыған орай Қазақстан барлық әлемге бірлік пен бірігейліктің мысалы болды. Қазақстан аумағында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Республикамыздың барлық табысында бірегей қоғамдық институттың үлесі бар – ол Қазақстан халқы Ассамблеясы, ал мемлекетпен мәдениетті дамыту мен сақтау үшін барлық жағдайлар жасалуда.
Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында барлық елде түрлі мерекелік шаралар жоспарланған. Ол – концерттер, халықтық серуен, спектакльдер, көрмелер және т.б.
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында «Қазақ елі» монументінің алаңында мерекелік шара өткізу жоспарланған. Мерекелік концертте 450-ден астам әртістер мен шығармашылық ұжым қатысады. Этно-мәдени бірлестіктердің 300-ден астам өкілдері ұлттық мерекелерге қатысады. Негізгі сахнада Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.
Ұлттық серуен сондай-ақ «Қазақ елі» монументінің алаңында да болады және ол жерде мерекелік сатылым, түрлі спорт бойынша жарыстар өткізілетін болады. Меркелік мәдени және спорттық шаралар бұл күні «Астана-Бәйтерек» монументінің жанында өткізіледі және «Студенческий» саябағында.
Бейне: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты