- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ашылды (ФОТО)
ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ашылды (ФОТО)
Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Б.Атамқұлов облысымыздың туристік әлеуетінің зор екендігін айтып, аталған орталықтың өңірімізде туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін айтты.
Туристерді ақпаратпен қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық мекеме тұрғындар мен қонақтарға алты бағыт бойынша қызмет көрсететін болады.
Орталықтың ең басты ерекшелігі сол, мұнда өңір тұрғындары мен қонақтарына «Бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетіле отырып, мекеме ғимаратында туроператорлар, гид-аудармашы, көші-қон қызметі мен транспорттық мекемелер және ұлттық парк өкілдері шоғырландырылған. Бұл өз кезегінде туристерге туристік қызметті кешенді түрде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді. Яғни, туристер өңіріміздің қай жерінде болмасын, мәселен, қалаға қалай жету немесе келесі нысанға қалай баруға болатынын орталыққа хабарласу арқылы біле алады. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.
Мекеме директоры Жасұлан Төлебековтың айтуынша, дәл осындай принциппен жұмыс істейтін орталық республикада жоқ. Мысалы, Астана қаласындағы орталық конвеншн бюро, яғни, тек іс-шараларды ұйымдастырумен айналысса, Алматыдағы мекеме тек ақпарат таратуды қамтамасыз етеді екен. Ал Оңтүстіктегі туристік ақпараттық орталықтың артықшылығы, мұнда конвеншн бюро мен ақпараттық бюро біріктірілген.
«ЭКСПО-2017» көрмесі мен «Универсиада-2017» халықаралық іс-шаралары қарсаңында «Ontustik tourism center» орталығының ашылуы маңызды оқиға болып отыр. Бүгінгі таңда орталық жетекшілігімен бұл бағытта еріктілерді дайындау, ақпараттық қол жетімділікті, қызмет көрсету сервисін арттыру және туристік бағыттарды әзірлеп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды