- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 600 басқа арналған роботталған сүт сау қондырғылары жұмыс жасауда (ФОТО)
Жамбыл облысында 600 басқа арналған роботталған сүт сау қондырғылары жұмыс жасауда (ФОТО)
Бір өзі мың жарым бастан аса ірі қара өсіретін, бұрыннан-ақ асыл тұқымды элиталық шаруашылық мәртебесін иеленген серіктестік облыста алғашқылардың бірі болып шетелден асыл тұқымды ірі қара әкеліп жерсіндірумен айналысты.
2012 жылы шаруашылықтың өз қаражаты есебінен Ирландиядан сатып әкелінген 309 (14-і бұқа) бас Ангус және Герефорд тұқымды сиырлар үш жылда өз төлдерімен көбейіп, бүгінде 800 астам басқа жеткен. Сонымен қатар 858 бас асыл тұқымды Алатау тұқымды сиыры да бар.
Серіктестіктің бұған дейінгі тұрақты пайда көзі ретінде сүт өндірісін атауға болады. Мұнда 250 бас сауын сиыр сауылуда, жыл соңына дейін сауын сиыр басын 600 басқа жеткізу жоспарлануда. Сиырлар жыл – он екі ай қолда ұстап бағылады. Оған барлық жағдай жасалынған. Екі фермада да мал күтіміне айрықша мән беріледі. Былтырғы жылы серіктестік төрағасы Дүйсехан Қошалиев бұрынғы шошқа базының орнынан 600 бас сауын сиырына арналған жаңа тауарлы-сүт фермасын ашты. Швейцариялық технологиямен «Деловаль» фирмасынан – 250 млн. теңгеге сатып алынған еуростандарт үлгісінде жұмыс істейтін жаңа баздағы малға азық тарату, астын тазарту, сүт сауу тәрізді жұмыстың барлығы автоматтандырылған. Сиырлар алаңға байлаусыз жіберіледі, азық жейтін жері бөлек, жататын орны бөлек, асты құрғақ болады. Қораларға пластикалық терезелер қойылады, баздың ішіндегі температура, желдету автоматты түрде реттеліп отырады. Ескі баздардың төбесі қайта шатырланып, іші жаңа технологияға сай өзгертілді. Қайта жарақтандыруына 270 млн. теңгеге қаражат жұмсалған.
«Сиырдың сүті тілінде» дегенді жақсы білетін олар жемшөптің мол қорын дайындауға баса назар аударады. Мәселен, сүрлемдік жүгері мен жоңышқадан жаздай сауын малына көктей орып бергенінен бөлек, 2,5 мың тонна сүрлем және 3,5 мың тонна пішендеме дайындалды. Мың гектар арпа, бидай мен 150 гектар дәндік жүгеріден қажетінше жем қоры дайындалуда.
Сауыншылардың өнімді жұмыс істеуіне де барынша жағдай жасалынған. Күніне екі мәрте сауылып алынатын сүттің едәуір бөлігі (3000 литр) «Фудмастер Есик» ЖШС-на жөнелтіліп, одан қолма-қол ақша шаруашылық кассасына құйылып жатыр. Облыс әкімінің жергілікті қайта өңдеушілерді қолдау талабымен 500 литр сүт соңғы айларда Қордайдағы «Куликов сүт өнімдері» ЖШС-на тапсырылуда. Болашақта шаруашылық ауқымын кеңейтіп, мал басын арттыруға ниетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары