- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Семей полигонының жабылуының 25 жылдығы – жаһандық маңызы бар дата
Қ.Тоқаев: Семей полигонының жабылуының 25 жылдығы – жаһандық маңызы бар дата
Конференция әлемдік қауымдастық өкілдерінің, парламентшілер және сарапшылардың қатысуымен биыл 29 тамызда Астанада өтеді. Кеңесті аша келіп, Қ.Тоқаев: «Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қомақты үлес қосқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың мойындалған көшбасшысы болып табылады», - деді.
Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде ядролық қарудан толық арылу идеясы жатыр. «Семейядролықсынақполигонының жабылуының атаулы күні Қазақстан ғана емес, күллі әлем қауымдастығына жер жүзінде орнықты бейбітшілікті қалыптастырудың бірінші кезектегі маңыздылығы туралы ойлануға игі себеп болуы тиіс», - деді Сенат басшысы.
Осыған байланысты Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы жиналғандарға конференцияны өткізудің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін мұқият әзірлеуді тапсырды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев өз сөзінде Ұйымдастыру комитетінің мүшелерін конференция алдында тұрған міндеттермен таныстырды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко форумға әзірліктің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелері, серіктестермен, оның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратпен таныстырды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады