- Басты
- Жаңалықтар
- В.Ершов: КО елдерінің экономикалық және саяси интеграциясы сот өндірісі мен кадр дайындау жұмыстарын біркелкі қылуды талап етеді
В.Ершов: КО елдерінің экономикалық және саяси интеграциясы сот өндірісі мен кадр дайындау жұмыстарын біркелкі қылуды талап етеді
«Қазақстан, Ресей және Беларусьтің экономикалық және саяси интеграциясы сот құрылысы, сот өндірісі мен кадр дайындау жұмыстарын біркелкі қылуды талап етеді. Осы бағытта Қазақстан маңызды және сәтті қадамдарды бастады. Бәрінен бұрын Қазақстанда азаматтардың құқықтық қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға бағытталған біркелкі судьялық тәжірибені құруға мүмкіндік беретін біріңғай және өте тиімді сот жүйесі қалыптасқан. Қазақстанда бүгінгі таңда бірінші инстанция деңгейіндегі мамандандырылған судьяларды құру туралы мәселе күн тәртібінде тұр. Мұндай сот құрылысы жүйесі екі маңызды міндеттмені шешуге жол ашады», - деді В.Ершов.
Оның айтуынша, бірінші тапсырманың қызметіне қоғамдық қатынастарды бірыңғай құқықтық реттеуді орнату, біркелкі сот тәжірибесін дайындау кіреді.
Ершов айтқан екінші міндеттеме – бірінші инстанциялы мамандандырылған соттарда жекелеген және әр түрлі судьялық жанжалдарды жоғары кәсібилікпен шешу мәселесі.
«Сот жүйесі дәстүрлі түрде оңтайлы сот құрылысын талап етеді. Қазақстанда үш соттық инстанция сәтті қызмет етіп келе жатыр: бірінші, апелляциялық және кассациялық. Қазақстанның Жоғарғы соты Қазақстан Конституциясына сай келетін бірыңғай сот тәжірибесін дайындау жұмыстарын жасап жатыр», - деді Ресей сот академиясының ректоры.
В.Ершовтың пікірінше, сот жүйесінде кадрлардың рөлі өте үлкен. Атап айтар болсақ, алғашқы мамандандыру, кейінгі кәсіби қайта даярлау және міндетті біліктілік арттыруды бақылау жұмыстарын атап өтті. Ресейлік маманның айтуынша, Ресейде бұл жұмыстарды сот академиясы орындайтын көрінеді.
«Ресей сот академиясы – арнайы мамандандырылған және ғылыми мекеме. Академия тұжырымдамасы судьяларды дайындау жұмыстары барынша ертерек басталуы керек дегенге саяды. Сонымен қатар, мамандану, міндеттелу, ғылыми негізделу мен барлық қызметтік ғұмырында жалғастық табу да маңызды. Аталмыш тұжырымдама негізінде академия құрылымы дайындалды. Олар – колледж, ЖОО, аспирантура, докторантура, кәсіби қайта даярлау факультеттері мен судьялардың, сот аппараты мен сот депатраменті қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда сот академиясының арнайы мамандандырылған мектебін құрып жатырмыз», - деді ресейлік маман.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды