• Басты
  • Қазақстанда 2016 жылғы 1 тоқсанында 34,2 мың адам жұмыспен қамтылды - ДСӘДМ
29 Сәуір, 2016 17:02

Қазақстанда 2016 жылғы 1 тоқсанында 34,2 мың адам жұмыспен қамтылды - ДСӘДМ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 3 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда  2016 жылғы 1 тоқсанында 34,2 мың адам жұмыспен қамтылды - ДСӘДМ

Шараға ҚР ДСӘДМ жауапты хатшысы, вице-министрлер, комитет төрағалары, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және  ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшылары, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің директорлары қатысты.  

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») іске асыру шаралары бойынша ҚР ДСӘДМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Балжан Шаменова сөз сөйледі.

«2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына республикалық бюджеттен 100,6 млрд. теңге бөлінді. 2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сай, бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 33,2 мың адам хабарласты, оның ішінде жұмыссыздар саны 25854 (78,3%), өзін өзі жұмысен қамтығандар - 6929 адам (21%), 244 (0,7%) адам – ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер.

2016 жылғы 1 тоқсанда бағдарламаны іске асыру аясында 34,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандар санының ең жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында – 13,8 мың адам, Қызылорда облысында – 2,5 мың адам, Алматы қ. – 2,4 мың адам болды», - деп хабарлады ол.

Жұмыспен қамтылған тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (әрі қарай - ЖЗЖ) қамту туралы ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының орынбасары Азамат Өміртаев мәлімдеді.   

Ол ҚР Зейнетақы жүйесін әрі қарай жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру аясында 2030 жылға қарай жұмыс істейтін тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды 80%-ға жеткізу жоспарланып отырғанын еске салды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істейтін тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 70,4%-ды (8 млн. 623,8 мың жұмыспен қамтылған тұрғындарға шаққанда 6 млн. 68,3 мың  белсенді салымшылар) құрап отыр. Өткен жылы ЖЗЖ белсенді қатысушыларының саны 50 мың адамға ұлғайды.

«2016 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге сай, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтау сомасы 6 трлн. 59 млрд. теңге немесе ІЖӨ-нің 14%-ынан астамын құрап отыр», - деді Азамат Өміртаев.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аясында азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды