- Басты
- Жаңалықтар
- Ғ.Есім: Жер шетелдіктерге сатылмайды және сатылып та жатқан жоқ
Ғ.Есім: Жер шетелдіктерге сатылмайды және сатылып та жатқан жоқ
«Ауыл шаруашылығы саласына дем беру үшін ауыл тұрғындарына мемлекеттік теңдессіз қолдау шаралары қолға алынуда. Мысалы, жерді жалға алған Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді жеңілдетілген бағамен он жылға дейін бөліп төлеу құқығымен жекеменшікке сатып ала алады. Біздегі меншік иелері мен жерді пайдаланушылар ауыл шаруашылығы нысандары мен оған қажетті инфрақұры-лымдарды салу құқы¬ғын пайдалана алады. Бұрын ауыл халықының ондай мүмкіндіктері болмаған.
Жер біздің азаматтарымыздың сүбелі экономикалық активіне айналады және бұл ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру бұл саланың дамуына аса қуатты серпін береді. Заңның жаңа нормалары агроөнеркәсіп саласының, фермерлердің, шаруа қожалықтары жұмысшыларының қатысуымен талқыланған және ол ауыл мүддесін қорғаудан туындаған.
Жер шетелдіктерге сатылмайды және сатылып жатқан жоқ, сатылдмайды да. Ше-телдіктер жер телімдерін тек қана шектеулі мерзімге жалға ала алады. Сонымен бірге, Үкімет шетелдіктерге уақытша жалға берілуі мүмкін жер телімдерінің ауқымына шектеу қояды. Жерді тиімсіз пайдалану фактісі анықталған жағдайда оны мәжбүрлеп қайтарып алуға дейін баратын қатаң әкімшілік шаралар қолданылатын болады.Тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен мем¬ле¬кет¬тік емес заңды тұлғаларының ғана ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге жекеменшік құқығы бар. Өз жерімізге иелік ету құқығы тек қана Қазақстан халқына тиесілі. Бұл – мызғымайтын қағидат және біздің мемлекетіміздің нақты ұстанымы»,-деді академик.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары