• Басты
  • Катар делегациясына «Әлем.XX ғасыр» манифесі табыс етілді
29 Сәуір, 2016 13:04

Катар делегациясына «Әлем.XX ғасыр» манифесі табыс етілді

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев пен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Катар елінен келген делегация мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Мәжіліс.
Катар делегациясына  «Әлем.XX ғасыр»  манифесі табыс етілді

Тараптар бұл жылы жүздесуді тарихы терең тамырластықтан басталған достық кездесу ретінде бағалады.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Катар елі арасындағы қатынас жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.

Делегация жетекшісі, муниципалитет және  қоршаған ортаны қорғау министрі Мухаммад Абдуллах  Аль Румайхи қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық барлық салада,  әсіресе, саяси бағытта өте жоғары деңгейде екенін және болашақта да нығая түсетінін жеткізді.

Комитет төрағасы Г. Щегельский делегация мүшелерін экология саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыра келіп, Қазақстан Президентінің бүгін ғана «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанынан хабардар етті.

Осыған орай Катар елінің келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатындығына сенім білдірді.

Комитет төрағасы Елбасының халықаралық деңгейдегі маңызды бастамаларын сөз ете келіп, делегация жетекшісіне «Әлем.XXI ғасыр» манифесін табыс етті.  

Бақытжан Ертаев Қазақстан Президентінің бүкіл әлемді бейбіт өмірге үндеу жолындағы батыл қадамдарын алға тарта келіп, дүниежүзіндегі 4-арсенал ядролық құралдан бас барту бастамасына айрықша назар аударды.

Б. Ертаев мәртебелі мейманның иығына шапан жауып шығарып салды.  

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды