• Басты
  • ОҚО-да 3 зәкірлі туристік жоба жүзеге асырылуда (ФОТО)
29 Сәуір, 2016 14:32

ОҚО-да 3 зәкірлі туристік жоба жүзеге асырылуда (ФОТО)

Мемлекеттік дәрежеде туристік индустрия экономиканың басым салаларының бірі болып танылған. Облыста туристік кластерді құру бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.
ОҚО-да 3 зәкірлі туристік жоба жүзеге асырылуда  (ФОТО)

Оңтүстік өңірінің рекреациялық ресурстары мен тарихи-мәдени нысандарының әлеуеті, туристік кластерді құру арқылы, облысқа туристерді тартуға мол мүмкіндігі бар.   

Бүгінгі күнге, облыста туризмді дамыту бойынша негізгі әлеуетті бағыттар бойынша үш зәкірлі жобалар жүзеге асырылуда.

Тарихи-мәдени туризмді дамыту мақсатында Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінің аумағын абаттандыру және туристерге қызмет көрсету орындарын салу» жобасы.

Түркістан қаласы  түркі халықтарының рухани орталығы және қазақ хандығының ежелгі астанасы болып табылады. Қазіргі таңға, әлем нарығында Ұлы жібек жолы үлкен қызығушылыққа ие, ал Оңтүстік Қазақстан осы жолдың орталығында орналасқан. Жоба бойынша шығыс базарын, қонақ жай үйлерін, тамақтану орындарын сонымен қатар, этноқалашық салу қарастырылып отыр.

Емдік-сауықтыру туризмін дамыту мақсатында Сарыағаш ауданында  «Сарыағаш жаңа курорт қалашығын» салу жоспарланып отыр.

Емдеу-оңалту туризм  саласында минералды және термалды суларды пайдаланатын«Сарыағаш» курорты Оңтүстік Қазақстан облысының бренды болып табылады. «Сарыағаш» курортына қазақстандықтардан басқа, ТМД елдерінің тұрғындары да келеді. Жоба бойынша қонақ үй кешендері, СПА орталықтар, ашық және жабық хауыздар, аквапарк, шығыс базары және ойын-сауық-сауда орталықтарының құрылысы қарастырылған.  

Төлеби ауданында тау-шаңғы  туризмі саласында  «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығын» құру жоспарланып отыр.

Замануи тау-шаңғы курортының құрылысы тау шаңғы спортымен өңірде отандық туризм индустриясында бәсекеге қабілетті және қызмет сапасын жақсартуға, яғни өңірдің қарқынды дамуына импульс береді, жаңа жұмыс орындар ашылады, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлесін тигізеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік индустриясына инвестицияларды тарту мақсатында  «Ontustik Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумның шеңберінде инвестиция тарту мақсатында жоғарыда аталған жобалардың тұсау кесерін өткізу жоспарлануда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды